Bugin

Тоқаев АҚШ және Ресей Федерациясымен екі келісімге қол қойды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ және Ресей Федерациясымен екі келісімге қол қойды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

АҚШ-пен жасалған келісімнің негізгі мақсаты – екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашудың құқықтық негізін құру.

- «Президент Тоқаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы әуе қозғалысы туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Республика үкіметі арасындағы келісімді ратификациялау туралы» заңдарға қол қойды. Қазақстан мен Ресей Федерациясының үкіметі «Минералдық тыңайтқыштар шығаратын зауыт салу және пайдалану» жобасын іске асыру туралы, заңдарға қол қойды» - деп хабарлайды Ақорда сайты.

АҚШ-пен жасалған келісімнің негізгі мақсаты – Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасында тікелей әуе қатынасын ашудың құқықтық негіздерін құру.

- «Келісім аясында тараптардың әуе компанияларының халықаралық әуе тасымалдарын жүзеге асыру құқықтарын реттеуді қарастырады. Соның ішінде олардың аумағы арқылы қонусыз ұшу, коммерциялық емес мақсатта өз аумағында аялдамалар жасау, халықаралық әуе тасымалдауларын жүзеге асыру, белгіленген маршруттар бойынша пункттер арасындағы әуе тасымалын реттеу», - деп хабарлады бұған дейін Сенаттың баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Ресей арасындағы минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыт салу туралы үкіметаралық келісімге 2021 жылдың шілдесінде қол қойылған. Жамбыл облысындағы тыңайтқыш зауытының құрылысына Ресей миллиард доллардан астам инвестиция салып жатқаны айтылды. Зауыттың құрылысын «ЕвроХим» минералды-химиялық компаниясы жүргізеді.

- «Жоба Қазақстанның оңтүстігіндегі Қаратау фосфорит бассейніндегі кен орындарын игеруді және қуаттылығы 1 миллион тоннаға дейін жететін минералды тыңайтқыштар мен өнеркәсіп өнімдерін шығаратын жаңа зауыт салуды көздейді», - делінген хабарламада.

Химия кәсіпорнының жұмысы Жамбыл облысында кемінде 1200 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.